Бүгінгі "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының халыққа көрсететін қызметтері бірталай.
Ол қызметтер шетінен біртіндеп электронды форматқа ауысып жатыр. Түбі, бәрі ауысатын шығар. Әрине, оның басты критериі- тұрғындардың мүмкіндігі болып смартфоны, интернеті болса болды. Және, бастысы- ынта- ықыласы болса.
Жалпы, мемлекеттік қызметтердің тұрғындарға egov порталы арқылы, mgov, цон мобильдік құрылымдары арқылы көрсетілуі, тіптен эцп кілтін де онлайн алуға мүмкіндік жасауы- бүгінгі қажеттілік, ал нәтижесінде- уақыт үнемделеді, қолайлы, қолжетімді, қалтаңа үнемді әрі тиімді құралдар.
Бұл қызметтерді енді тек еріншектер мен жалқаулар және ізденгісі, білгісі келмейтіндер ғана қолданбайтын шығар деп ойлаймын, қателесуім де мүмкін, қателессем кешірім сұраймын.
Алайда, дәстүрлі қызметтер саны да азаяр емес. Ол қызметтердің арғы жағында қаншама жұмыскерлердің (жүздеген) еңбегі де бар екенін ұмытпау керек.
Біздің бүгінгі терминмен айтқанда бэк-офис қызметкерлеріне жақсы, сапалы жұмыс жасау үшін қаншалықты жақсы жағдай жасалған?
Әр басқармалардың офистеры бөлек, мұрағаттары жан-жақта, қол қоюға я мен мекеме кезіп жүрем, я қызметкерлер кезіп жүреді. Басқармалар бір-бірімен жұмыс жасауы қиын. Күніне орташа 200-500 ге жуық құжаттар зерделеніп, қол қойып, азаматтарға табыстау үшін жолданады.
Біздің мекемеге жақсы, өз халқымызға жоғары деңгейде қызмет көрсететін мамандарымызға арналған ғимарат керек.
Ол ғимарат ішінде қаламыздың әр тұрғынының жеке меншік дүниелерінің, жеке бас құжаттарының мұрағаттық құжаттары сақталатын заманауи архив бөлмелері болса. Ол құжаттар мәңгілік тұру керек екен. Өңіріміздің топырақ құрамы туралы үлгілері де сақталатын арнайы бөлме де керек, мамандарға арналған асханасы, біліктілік көтеруге арналған аудиториясы болса ғой, шіркін. Спорт залды сұрамаймыз.
Жәй, әшейін, армандап жатқанымыз ғой...