Қызылорда облысы мәслихатының VII шақырылым депутаты, қоғам қайраткері, "Қазпошта" АҚ Қызылорда филиалының директоры, облыстық "Әйелдер күші Альянсы" ҮЕҰ төрағасы
Туған жері: Қызылорда облысы Сырдария ауданы Октябрь (Қоғалыкөл) ауылы
Білімі: жоғары 1987 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында № 44 орта мектебін бітірген. 1991 жылы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесінің «Бастауыш кластар мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Құқықтану» факультетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы Д.А.Қонаев атындағы Евразия Заң Академиясы магистратурасын «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының магистрі.
Әбибуллаева Аида Ибрагимқызы 1972 жылғы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Октябрь (Қоғалыкөл) ауылында дүниеге келген.
1981-1991ж.ж. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесінде оқып, «Бастауыш кластар мұғалімі» біліктілігін алған. Аталған оқу орнын аяқтағаннан кейін Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Құқықтану» факультетінде оқып, «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған.
Одан кейін 2017 жылы Д.А.Қонаев атындағы Евразия заң Академиясының магистратурасын «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдап, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болды.
1998-1999 ж.ж. нотариалдық кеңседе кеңесші, сот орындаушылар мен приставтар департаменті Қызылорда қалалық бөлімшесінің сот орындаушысы болып қызмет атқарды.
2000-2004 ж.ж. ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының покуроры, аға прокуроры қызметтерін абыроймен атқарып, аймағымыздағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған тексерулерді шектеу аясында жаңа бағдарламаға сәйкес жұмыстарды жүзеге асырды.
2004-2007 ж.ж. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасының бастығы болып тағайындалды. Осы жылдар аралығында аудан халқының жылжымайтын мүліктерін заңдастыру, азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бойынша нәтижелі жұмыс атқарып, өзінің сүбелі үлесін қосты.
2007-2017 ж.ж. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқара жүріп, өңіріміздегі мемлекеттік қызмет көрсету саласын реформалау мен цифрландырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысты. Мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдардың сапалы, уақытылы әрі осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түп тамырымен жою мақсатында тынымсыз еңбек етті. Еліміз бойынша алғаш рет «Қызметті бағалау» идеясының авторы болып, қызмет алушының статусын көтеруде зор үлес қосты.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры қызметін атқаруда. Бұл қысқа уақыт ішінде Қызылорда облыстық филиалының жұмысын республика көлемінде алдыңғы қатарға шығарып, халыққа қызмет көрсету ісінде аянбай еңбек етуде.
Марапаттаулары:
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаттары»; ҚР Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиевтің «Құрмет грамотасы»; ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитеті төрағасының «Құрмет грамотасы»; ҚР ТКМ мемлекеттік қызметті автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру және бақылау Комитетінің төрағасы Б.Мусиннің «Құрмет грамотасы»; Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті, академик Ө.Айтбайұлының «Алғыс хаты»; «Ерен еңбегі үшін» медалі мемлекеттік награда; Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен»; «Қызылорда облысына - 80жыл» облыс әкімінің мерекелік медалі; «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметовтың «Белсенді қызметі үшін» медалі; «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың «Құрмет грамотасы»; ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Г.Әбдіқалықованың «Алғыс хаты»; «Nur Otan» партиясының мерекелік медалі; «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің «Алғыс хаты»; ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хаты».
Отбасылық жағдайы: тұрмыста, 4 бала өсіріп, тәрбиелеп отыр.
Тәуелсіздік күні "Қазпошта" АҚ Қызылорда филиалының ұжымында
М.Әбеновпен семинарда
VI Республикалық әкелер форумы
№ 198 мектепте Әкелер кеңесі ұйымдастырылды
Достық үйінде өткен "Саналы ұрпақ - ұлт болашағы" пікір алмасу ашық алаңы
Жаңақорған ауданындағы "Алпамыс" санаториялық балабақшасында "Кедергісіз келешек"
З.Батталовамен семинарда
Қызылорда облысы әкімінің әйелдер активімен кездесуі
Шала туылған нәрестелер күні
Пошта күні
"Қыз - елдің көркі" қыздар форумы
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қорытынды отырысы
Әбдіжәміл Нұрпейісовпен
Е.Карин Қызылорда облысы белсенділерімен кездесті. 11.05.2022 ж.
Е.Карин Қызылорда облысы белсенділерімен кездесті. 11.05.2022 ж.
"Қамқорлық" оңалту орталығында. 12.05.2022 ж.
"Қамқорлық" оңалту орталығында. 12.05.2022 ж.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің отырысы 5.05.2022 ж.
ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi Ұлттық комиссияның жаңа төрағасы Аида Балаевамен кездесу. 21.05.2022 ж.
ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi Ұлттық комиссияның жаңа төрағасы Аида Балаевамен кездесу. 21.05.2022 ж.
Ақорда, 21.05.2022 ж.
Ақорда, 21.05.2022 ж.
Қазпошта АҚ Қызылорда филиалындағы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке. 31.05.2022 ж.
Қазпошта АҚ Қызылорда филиалындағы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке. 31.05.2022 ж.
Видео
https://www.youtube.com/watch?v=4_a3qS_-Y34; 22 сентября 2020 г.
https://www.youtube.com/watch?v=fq7NJ5hWBTQ; Аида Абибуллаева. Госслужащий должен служить народу!
www.abibullayeva.kz (далее – URL, «мы») серьезно относится к вопросу конфиденциальности информации своих клиентов и посетителей сайта www.abibullayeva.kz.(далее – «вы», «посетители сайта»). Персонифицированной мы называем информацию, содержащую персональные данные (например: ФИО, логин или название компании) посетителя сайта, а также информацию о действиях, совершаемых вами на сайте URL. (например: заказ посетителя сайта с его контактной информацией). Анонимными мы называем данные, которые невозможно однозначно идентифицировать с конкретным посетителем сайта (например: статистика посещаемости сайта).
2. Использование информации
Мы используем персонифицированную информацию конкретного посетителя сайта исключительно для обеспечения ему качественного оказания услуг и их учета. Мы не раскрываем персонифицированных данных одних посетителей сайта URL другим посетителям сайта. Мы никогда не публикуем персонифицированную информацию в открытом доступе и не передаем ее третьим лицам. Исключением являются лишь ситуации, когда предоставление такой информации уполномоченным государственным органам предписано действующим законодательством Республики Казахстан. Мы публикуем и распространяем только отчеты, построенные на основании собранных анонимных данных. При этом отчеты не содержат информацию, по которой было бы возможным идентифицировать персонифицированные данные пользователей услуг. Мы также используем анонимные данные для внутреннего анализа, целью которого является развитие продуктов и услуг URL
3. Ссылки
Сайт www.abibullayeva.kz. (может содержать ссылки на другие сайты, не имеющие отношения к нашей компании и принадлежащие третьим лицам. Мы не несем ответственности за точность, полноту и достоверность сведений, размещенных на сайтах третьих лиц, и не берем на себя никаких обязательств по сохранению конфиденциальности информации, оставленной вами на таких сайтах.
4. Ограничение ответственности
Мы делаем все возможное для соблюдения настоящей политики конфиденциальности, однако, мы не можем гарантировать сохранность информации в случае воздействия факторов находящихся вне нашего влияния, результатом действия которых станет раскрытие информации. Сайт www.abibullayeva.kz и вся размещенная на нем информация представлены по принципу "как есть" без каких-либо гарантий. Мы не несем ответственности за неблагоприятные последствия, а также за любые убытки, причиненные вследствие ограничения доступа к сайту URL или вследствие посещения сайта и использования размещенной на нем информации.
5. Реквизиты
Абибуллаева Аида Ибрагимовна ИНН: 720509402139 Юридический адрес: Республика Казахстан. г.Кызыл-Орда. ул.Ж.Абдирахманов, дом 10
По вопросам, касающимся настоящей политики, просьба обращаться по адресу: a.abibullayeva@kazpost.kz