Қоғамдық қызметі

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жүрегі

Бұл 2001 жыл еді.


Ұлым Камалмен бірге Алматыға баруыма тура келді – оған мамандандырылған медициналық көмек қажет еді.


Физикалық жағынан да, моральдық жағынан да жағдай өте ауыр болды – балам мүгедек, жағдайы жақсармай жатты.


Вокзалдан бізді Әбдіжәміл Нұрпейісов өзі күтіп алды – туысымыз емес, құдамыз емес, тек әкемнің сыйлас досы.


Менімен бірге кабинеттерді аралап, баламды дәрігерлерге көрсетуге, қиын ем-дом алуға қолынан келгенше көмектесті.


Үйге қайтып келіп, дастархан басына отырдық. Содан өзімді ұстай алмай, көз жасыма ерік бердім – шарасыздықтан, өз балама көмектесе алмағанымнан еріксіз жыладым.

Бір қарасам, бүкіл Кеңес Одағына танымал жазушы, Ұлы тұлға менімен бірге егіліп жылап отыр!


Көкенің көз жасын көріп, «Көке-ау, сіздің көңіліңіз неге сонша босады?» – деп сұрадым.

«Балам-ай, мен сені қалай түсінетінімді білсең ғой», - деп жауап берді ол.


Сондай сезімтал, ашық жанның кең жүрегі менімен бірге езіліп, таза көңілі ана жүрегімен бірге толқып жатты.


Осы бір шағын ғана эпизод маған бұл адамның мейірімділігі мен адамгершілігін, өмірді соншалықты сүйгенін көрсетті.


Біз ол кісіні жанымызда өмір сүрген классик-жазушы, дарынды аудармашы, соғыс ардагері, Қазақ КСР Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ретінде білеміз.


Оның «Қан мен тер» трилогиясы бойынша Әуезов атындағы театрда спектакль қойылған, ал атақты режиссер Андрей Михалков-Кончаловский осы кітап бойынша аттас фильм түсірді.

Өзінің туған жері - Арал тағдыры оның есінен, бойынан кетпей, шығармаларында қайталанды.


Ал менің есімде ол – ерекше ақкөңіл, жаны нәзік, жылы, адамға көмектескенде күшін, мәртебесін аямай, бар жанашырлығын танытып, шын ниетімен тірек болған кісі ретінде қалды.


Мекеніңіз пейіш болсын, Әбдіжәміл көке.

Мәңгілікке қош болыңыз.

Made on
Tilda